суббота, 23 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Мой Евроблог на Kerekinfo.kz

От: Аршат Оразов Тема: Мой Евроблог на Kerekinfo.kz Возраст: 31 Город: Актобе Фаворит: Германия Тема: Мой дневник Евро 2012 Ссылка на блог: www.kerekinfo.kz/blog/euro2012

Еуро-2012 сенсациясын қай құрама жасайды?

Сенсация және сюрприздерсіз ешқандай үлкен жарыс болмайды. Күтпеген жерден жоғары нәтиже көрсететіндер әрқашан табылады. Осы сұрақты Фейсбуктегі футболсүйер достарымнан сұрап көрген едім. Сауалнама нәтижесі бойынша көпшілік Польшадан (21% - 8 дауыс) сенсация күтетіндерін айтты. Одан кейінгі орында Ресей (18% - 7 дауыс), Хорватия (13%) мен Украинадан (13%) да сенсация күтушілер бар. Жазылған пікірлерді бір шолайық: Бақыт Алтаев: Польша жасайды ау деймин Роберт Левондовски мен Лукаш Пишчек бар. Сатыбалды Кербабаев: Гректер. Қалғандары тырысса былай да жақсы құрамалар сияқты. Әділет Мұқатай: Польша деп ойлайм. Мықты. Германия чемпионы Буруссияның сапында 3 футболшысы ойнайды. Арсеналдың қақпасын күзетіп жүрген Щесны, Арсеналда негізгі құрамда ойнайтын Росицский бар. Және де чемпионат өздерінде өтеді. Фархат Тастамбек: Финал Украинада өтетін болғасын, оларданда бірдеңе күтіге болатын шығар. Бавария сияқты финалдан бірақ шықпаса да сенсация жасап қалуы мүмкін. Дастан Кенжалин: Осылардың ішінде Ирландиядан басқаларының бәрі әлем, Еуропа чемпионаттарында сенсация жасаған. Мысалы, Польша 1974, 1982 жылдары өткен әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алса, Ресей 2008 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Дания 1992 жылы ЕЧ-на Югославияның орынына барып, чемпион атанды. Хорватия 1998 жылғы әлем чемпионатында үшінші орынға ие болса, Чехия 1996 жылы ЕЧ-ның күміс, 2000 және 2004 жылдары қола жүлдегері атанды. Швеция 1994 жылы әлем чемпионатының қола медалін иеленді. Грекия болса, 2004 жылғы Еуропа чепионы. Украина 2006 жылы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Польша өз тобында сенсация жасап, бірінші және екінші орын алса, ширек финалда "В" тобында бірінші және екінші орынның біреуін алатын Голландия немесе Германиямен кездеседі. Сол кезде поляктар олардың біреуінен айласын асырады деп ойламаймын. Қысқасы, "А" тобынан ширек финалға Польша, Ресей немесе Чехия шықса, "В" тобынан Германия мен Голландия, "С" тобында Испания сөзсіз шығады деп ойлаймын. Ал Италия, Хорватия мен Ирландияның арасында бәсеке болады. "D" тобында да жағдай солай. Англия, Украина, Швеция, Францияның мүмкіндіктері бірдей. Украина өз тобында екінші орын алып, ширек финалға шықса, испандармен кездеседі. Сонда жеңеді деу қиын. Ал бірінші орын алып, келесі айналымға жоладма алса, Италия, Хорватия, Ирландия үшеуінің біреуімен алаңға шығады. Сол кезде сенсацияны Украина, Хорватия немесе Ирландияның біреуі жартылай финалға шығып, көрсетеді. Ұлан Қармысов: Өйткені Ресейдің соңғы кезде клубтары жақсы шығып жатыр және европада ойнайтын мықты тәжірибелі ойыншылары бар. Сюрприз команда құралатын сияқты. Ал Дания, Хорватия, Чехия және Швеция сияқты командалар бұрыннан жақсы ойын көрсетіп жүр, чемпион болалмасада. Ал букмекерлер не дейді? Топтардан мына құрамалар шығатынына сенімді: А тобы: Ресей (1.44 коэффициент) , Польша (1.80) В тобы: Германия (1.28), Голландия (1.44) С тобы: Испания (1.11), Италия (1.61) D тобы: Англия (1.44), Франция (1.53) Ал жеңімпаздар коэффициентін қарайтын болсақ: 3.25 - Испания 4.00 - Германия 8.00 - Голландия 9.00 - Англия 13.00 - Франция 15.00 - Италия 21.00 - Португалия 21.00 - Ресей 41.00 - Украина 51.00 - Хорватия 51.00 - Польша 51.00 - Чехия 67.00 - Швеция 67.00 - Грекия 81.00 - Ирландия 101.00 - Дания Бұл кестеге қарайтын болсақ букмекерлердің ойынша ешқандай үлкен сенсация болмайды, алғашқы орындарды Еуропаның футбол грандтары бөліседі. Тек коэффициент жағынан басқалардан бөлініп Ресей ғана тұр. Яғни бұл командадан аз болса да сюрприз нәтижелер күтуге болады. Бұл болжамдардың қаншалықты шындыққа жанасатынын бәріміз бірге көретін боламыз. Футболды күндерде жүздескенше! Коэффициенттер WilliamHill букмекер кеңсесінен алынды. 15/05/2012 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/8551.html

Құрамалардың жаңа формалары

Еуро-2012 қатысушы командалар осы турнир алдында Ұлттық Құрама формаларын жаңартты. Бірге қарайық. 14/05/2012 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/8546.html

Еуро-2012 ойындарының күнтізбесі

Ойындар Астана уақытымен. Кешкі 22:00 және түнгі 00:45-те басталады матчтар. 08.06.2012 22:00 Польша - Грекия Стадион: Национальный, Варшава (POL) 09.06.2012 00:45 Ресей - Чехия Стадион: Мейски, Вроцлав (POL) 09.06.2012 22:00 Голландия - Дания Стадион: Металлист, Харьков (UKR) 10.06.2012 00:45 Германия - Португалия Стадион: Арена Львов, Львов (UKR) 10.06.2012 22:00 Испания - Италия Стадион: Арена Гданьск, Гданьск (POL) 11.06.2012 00:45 Ирландия - Хорватия Стадион: Мейски, Познань (POL) 11.06.2012 22:00 Франция - Англия Стадион: Донбасс Арена, Донецк (UKR) 12.06.2012 00:45 Украина - Швеция Стадион: Олимпийский, Киев (UKR) 12.06.2012 22:00 Грекия - Чехия Стадион: Мейски, Вроцлав (POL) 13.06.2012 20:45 Польша - Ресей Стадион: Национальный, Варшава (POL) 13.06.2012 22:00 Дания - Португалия Стадион: Арена Львов, Львов (UKR) 14.06.2012 00:45 Голландия - Германия Стадион: Металлист, Харьков (UKR) 14.06.2012 22:00 Италия - Хорватия Стадион: Мейски, Познань (POL) 15.06.2012 00:45 Испания - Ирландия Стадион: Арена Гданьск, Гданьск (POL) 15.06.2012 22:00 Украина - Франция Стадион: Донбасс Арена, Донецк (UKR) 16.06.2012 00:45 Швеция - Англия Стадион: Олимпийский, Киев (UKR) 17.06.2012 00:45 Чехия - Польша Стадион: Мейски, Вроцлав (POL) 17.06.2012 00:45 Грекия - Ресей Стадион: Национальный, Варшава (POL) 18.06.2012 00:45 Дания - Германия Стадион: Арена Львов, Львов (UKR) 18.06.2012 00:45 Португалия - Голландия Стадион: Металлист, Харьков (UKR) 19.06.2012 00:45 Хорватия - Испания Стадион: Арена Гданьск, Гданьск (POL) 19.06.2012 00:45 Италия - Ирландия Стадион: Мейски, Познань (POL) 20.06.2012 00:45 Швеция - Франция Стадион: Олимпийский, Киев (UKR) 20.06.2012 00:45 Англия - Украина Стадион: Донбасс Арена, Донецк (UKR) 18/04/2012 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/8345.html

Euro 2012 Fantasy Football ойыны басталды

Euro 2012 турнирінің басталуына 60 күн қалды. Еуропа Чемпионатын одан сайын қызықты қылу өз қолыңызда. Фэнтези ойынына қатысып, өз командаңызды құрып алсаңыз чемпионатты қарау қызықтырақ болады. УЕФА биыл да жанкүйерлерге Фэнтези ойынын ұсынуда. Ойын тәртібі бұрынғыдай, сізге берілген виртуал ақшаға футболшылар сатып алып, өз командаңызды құрасыз. Олардың ойын барысында жинаған ұпайлары сіздің командаңызға жазылады. Үздік командаларға бағалы сыйлықтар беріледі. Мысалы SHARP 3D-теледидары, Blue-ray плеері, adidas-тан Predator аяқкиімі, Canon PowerShot камерасы және т.б сыйлықтар. КерекИнфо да осы ойын ішінде өз лигасын құрады. Өзара жарысатын боламыз. Толық ақпарат: http://ru.euro2012fantasy.uefa.com/ 09/04/2012 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/8229.html

Еуро-2012 қалалары және стадиондары

Еуропа чемпионаты өтетін қалалар және стадиондары туралы видеоролик. 02/04/2012 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/8133.html

Еуро-2012 тегін барғың келе ме? Байқауға қатыс!

Еуро-2012 негізгі демеушілерінің бірі Carlsberg журналист және блоггерлерге арналған байқау жариялайды. 4 номинация бойынша жүргізілетін байқау нәтижесі бойынша үздік 1 журналист және 1 блоггер Еуро-2012 ширекфинал матчтарының біріне тегін барып келеді. Байқауға қазақ және орыс тіліндегі мақалалар қатыстырылады. Соңғы күн 15 мамыр. Толық ақпарат: euro2012.exclusive.kz 30/03/2012 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/8083.html

Еуропа чемпионаттарының үздік 10 голы

19/03/2012 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/7932.html

WilliamHill Еуро-2012 финалында Испания мен Германия кездеседі дейді

Танымал букмекер кеңсесі WilliamHill Еуро-2012 үшін линия ашқан екен. Берілген линия бойынша болжайтын болсақ Еуро финалында Испания мен Германия кездеседі. Бұл жұптың кездесу ықтималдығына 6 коэффициент беріліп тұр. Одан кейінгі кезекте Голландия - Германия (8), Испания - Голландия (9) жұптары. Чемпион атанатын командалар тізімін де Испания бастап тұр, оларға берілген коэффициент: 3.25, ал Германия үшін 4.5. Ал Ресей үшін 1000 теңге қойсаңыз 17 мың теңге ұта аласыз. Бомбардирлер линиясы мынандай: Марио Гомес 8.00 Давид Вилья 8.00 Робин ван Перси 11.00 Мирослав Клозе 13.00 Криштиану Роналду 13.00 Фернандо Торрес 17.00 Марио Балотелли 17.00 Сеск Фабрегас 17.00 Джампаоло Паццини 17.00 Топтардан шығатын командаларға келетін болсақ: А тобы: Ресей, Польша В тобы: Германия, Голландия С тобы: Испания, Италия D тобы: Англия, Франция http://sports.williamhill.com/bet/ru/betting/t/346/Euro-2012.html 05/12/2011 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/6292.html

Euro 2012 іріктеу ойындары аяқталды

Кеше түнде іріктеу ойындарының топтық кезеңі аяқталды. Еуро 2012-ге тікелей шыққан командалар және плэй-оффқа қалғандар белгілі болды. Тікелей жолдама алғандар: Польша мен Украина (алаң иелері), Германия, Ресей, Италия, Франция, Голландия, Грекия, Англия, Дания, Испания, Швеция (ең үздік 2-ші орын алған команда). Плэй-оффқа қатысатындар: Түркия, Ирландия, Эстония, Босния, Хорватия, Черногория, Португалия, Чехия. Бұл жерде рейтингтеріне байланысты топтық кезеңге 5-ші дорбадан қатысқан Черногория мен Эстонияның ерлігін айта кету керек. Әсіресе эстондардың жетістігі өте үлкен жетістік. Өз ойындарын 2-ші орында аяқтап, соңғы турда Сербияның Словениядан сүрінуін күтті олар. Словендер серб пенальтиін қайтарды және гол соғып, жеңіп кетті. Қазір Эстонияда мейрам, плэй-оффтан өтулері қиын әрине, бірақ сонда да үлкен жетістік бұл. Плэй-офф жеребесі ертең өтеді. 12/10/2011 - http://www.kerekinfo.kz/blog/euro2012/5398.html  
Оставить комментарий

Антресоли

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33