понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Стамбулда алданған қазақтар қаңғып қалды

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде заңгер Айгүл Орынбек ақша табамын деп алданып қалғандарға араша сұрап, дабыл қағуда деп жазады Excluziv.kz заңгердің парақшасына сілтеме жасап.

Заңгер қазақстандық бірнеше азаматтың Түркиядан тауар әкеліп сатып, пайда табасың дегендерге сеніп, сазға отырғанын айтады.

«Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігінің назарына! Стамбулда етегі жасқа толып, алданған қаракөздерге араша сұраймын! Астаналық екі баланың анасы Ақгүлдің жолдауын жарияладым. Екі баланың анасы бизнес ашу үшін несие алып, өмірін жақсарту ниетімен Стамбулға аттанған. Оларға кешеден бері осы іске насихаттаушы Ұлдана Ерқасым қоқан-лоққы көрсетіпті.

Балаларымызды қорғайық! Миллионер болуға үгіттеп, шетелге шақырған коучтар Стамбулда сан соғып қалған қыз-келіншектерге күш көрсетуге көшіпті. Алданып тентіреген жастардың арасында 17 жастағы жасөспірімдер де бар дейді. Түркиядағы Қазақстан ның консулына, сол елдің прокуратурасына шағым жазды.

Тігін фабрикадан киім алып , бизнесіңді дөңгелет деп кеңес берген әйелдің парақшасын жолдапты. Ішкі істер министрлігі, онлайн арқылы елдің миын ашытып, ақыл айтқыштардың әрекетіне кім тосқауыл болады?

Елдің бәрі ертегіге сенеді. Өйткені біз ертегілер елінде тұрамыз. Жастарды мынау шырғалаңнан тез арада құтқармасақ, шарасыздықтың ақыры немен бітетіні белгілі!Ертең бір топ қыз-келіншек тікелей эфирге шығады.

Екі жыл бұрын әйелі бала-шағасын тастап кеткен азаматтардан талай шағым түскен. Онлайн арқылы ақыл айтқыштарды тоқтатыңыздаршы деп шырылдағанда таң қалып, сенбеген едім. Мынау дүрбелеңнің талай отбасының басына бұлт үйіретіні анық» деп жазады заңгер.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33