понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Белгілі жазушы Софы Сматаев оқырманнан ақшалай көмек сұрады

Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, жазушы, драматург Софы Сматаев қарызға кіріп кеткенін айтып, 20 мыңнан астам кітабын сататынын мәлім етті. Қаламгер Express Qazaqstan сайтына 5 миллион теңге қажет екенін айтқан. Бүл туралы Қамшы. kz хабарлайды.

Жазушы 25 томдық кітабын 12 мыңға беруге дайын. Десе де жазушының кітабын алатын адам табылмай жатыр екен. 

– Кітап өтпей жатыр. Ойбайлап жатырмын, айқайлап жатырмын, ешкім алмайды. Әкімдерге жаздым, мәдениет басқармасына жаздым. Бір жиынтығын алады, болды. Алматыда кітабымды аламын деген 100 адам бар. Бірақ біреуі де келген жоқ. Өтірік айтады. Дүкендерде менің кітаптарым 50 мыңнан тұр. Ал мен 12 мыңнан беремін дедім. Сонда да ешкім алатын емес. Әйелімнің басына тас қоюға 5,5 миллион теңге керек. Мен соған қарызданып жүрмін, – деді жазушы.

Жазушының жары Шәмшия Сматаева осы жылдың жазында қайтыс болған. Драматург марқұм әйелінің зиратын тұрғызу үшін біраз шығындалғанын айтады.

– Түбі әйелімінің қасына барамын ғой. Жататын жерді қазір дұрыстап қоюуым керек. Ақша маған сол үшін қажет. 25 том тұр. "Елім-ай", "Жарылғап батыр", "Бұлақ", "Мәңгілік бастауы" деген он романым бар. 25 кітапты 12 мыңға бағалап отырмын. Оның 4 томы драматургия, 5 томы поэзия, 1 томы философиялық эссе, – деді Софы Сматаев.

Қаламгер Жазушылар одағынан да, үкіметтен қайран болмай жатқанын жеткізді. 

– Жазушылар одағынан 80-ге келгенше бір мақтау қағаз алған жоқпын. Олар мені иттің етінен де жек көреді. Қазақ жазушылары арасында 25 томдықты жазған ешкім жоқ. Мұхтар Әуезов 17-ақ том жазды. Илияс Есенберлин де 17 том жазды Әбдіжәміл Нұрпейісов тіпті 8-ақ том жазды. Ғабит Мүсірепов те 8 том жазды. Десе де 25 томды 12 мыңға ешкім алмайды. Үкімет 30 жылда менің бір кітабымды шығарған жоқ. Барлығын өз күшіммен шығарып келе жатырмын, – деді драматург.

Софы Сматаев 1941 жылы Қарағанды облысы, Ақадыр ауданында дүниеге келген. 80-нен асқан жазушы "Құрмет", "Парасат" ордендерімен марапатталған.

 

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33