понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Сыйлық, кортеж, келіссөз: Тоқаевтың Түрікменстанға сапары қалай өтті?

Бүгін, 25 қазан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барды. Екі ел президенттері шағын келіссөз өткізіп, елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру бойынша әңгіме өрбітті. Келіссөз басталғанға дейін Тәуелсіздік алаңында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті.

Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түрікменстанның әнұрандары шырқалды. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

– Қасиетті түрікмен топырағына табанымыз тиген сәттен шынайы ниеттеріңізді көріп, бойымызды ерекше сезім биледі. Әдемі Ашхабад қаласына тағы да келгеніме қуаныштымын. Қалаларыңыздағы құрылыстың ауқымы мен сапасы бізді таң қалдырды. Сапарға келетін болсақ, біз бұған өте тыңғылықты дайындалдық. Менімен бірге Қазақстан Республикасы негізгі ведомстволарының басшылары да келді. Біз мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі дамуына тың серпін беріледі деп сенеміз.

Түрікмендер – бізге бауырлас халық. Халықтарымыз арасындағы достықтың тамыры тереңде. Көп нәрсе бізге ортақ. Бұл ортақ шекарамызға да қатысты. Бауырлас Түрікменстан халқына деген ниетіміз таза. Стратегиялық серіктестікті дамыту, мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері жеке бақылауымда. Бұл – біздің саясатымыздың басым бағыты. Осы сапар барысында ынтымақтастығымыздың бағытын айқындайтын аса маңызды құжаттарға қол қойылады деп ойлаймын. Біз бұрынғыша халықаралық аренадағы белсенді ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз. Кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған Түрікменстанның бейтарап ел мәртебесіне Қазақстан зор құрметпен қарайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев халықтар арасындағы достықтың тамыры тереңде екенін айтып, көп нәрсе екі елге ортақ екенін еске салды. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін айтты. Ынтымақтастықтың бағытын айқындар құжаттарға қол қойылатыны да айтылды.

Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33