Қазақстанда ЭКО бағдарламасы бойынша 25 мыңыншы бала дүниеге келді
Зерттеулерге сәйкес, Қазақстандағы әрбір алтыншы отбасы бедеулік мәселесіне тап болады. Ерлі-зайыптылардың шамамен 15%-ы балалы бола алмайды.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Олардың жартысына дәстүрлі әдістермен, дәрі-дәрмектің көмегімен көмектесуге болады, ал басқалары репродуктивті технологиясыз сәби сүйе алмайды.
ЭКО (экстракорпоральды ұрықтандыру) бағдарламасы бойынша біздің 25 000-шы баламыз дүниеге келді, - деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас репродуктологы Вячеслав Локшин.
Бедеулік – бұл медициналық және әлеуметтік мәселе. Оның себептерін анықтауға акушер-гинекологтар, урологтар, андрологтар, психологтар және басқа да мамандар тартылады. Көбінесе, бұл түсініспеушілікке ұласып, ажырасуға себеп болады.
Биолог және физиолог Роберт Эдвардс пен гинеколог Патрик Степто 1960 жылдардың ортасынан бастап ЭКО технологиясымен жұмыс істейді. 2010 жылы Қазақстанда квотаның арқасында ЭКО процедурасынан тегін өту мүмкін болды.
ЭКО бағдарламасы бойынша жүктілік ықтималдығы Еуропада 26-28% болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 34% құрайды.