Ауылдарды жаңғыртуға 1,3 трлн теңге жұмсалады
2021 жылғы 19 қазанда Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы қаралды.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Қазақстанда ауыл халқының 89%-ы тұратын 3561 перспективалы ауыл (1173 тірек және 2388 серіктес) айқындалды. 2019-2021 жылдары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы, сондай-ақ Жұмыспен қамту жол картасы, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша және жеке инвестициялар есебінен ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бағытталды. ТКШ, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында 12 мыңнан астам жоба іске асырылды, 6,5 мың жоба іске асырылу сатысында.
Алдағы төрт жылда «Ауыл – Ел бесігі» жобасын қаржыландыру көлемі 800 млрд теңгеге дейін ұлғаяды, ал барлық қаржы көздерін ескере отырып, ауылдарды жаңғыртуға 1,3 трлн теңге жоспарланған, - делінген primeminister.kz хабарламасында.
Осы жоба аясында 2025 жылға қарай ауылдық жерлер 100% сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етіледі, 10 мың шақырым кентішілік жолдардың жай-күйі жақсартылады, 12 мың шақырым инженерлік желі, бірнеше мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісі салынады және жөнделеді, 5 мың ауыл мектебі жаңғыртылады.