воскресенье, 22 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақстанда көмір қоры жеткілікті – министр

Энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдері баяндама жасады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев еліміздегі электр станцияларында 4 энергоблок, 18 қазандық, 19 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталғанын атап өтті.

- Бүгінгі таңда 20 468 шақырым электр беру желісінің жылдық жоспарының 13 773 шақырымы, 462 бірлік жоғары вольтты қосалқы стансаның 316 қосалқы стансасы жөнделді, бұл желі бойынша 67 пайызды және 68 пайызды құрайды, - деді министр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімдерінің сақталмауы да байқалады.

- Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті облыс әкімдіктерімен бірлесіп, энергетикалық кәсіпорындардың алдағы жылу беру маусымына дайындығын үнемі қадағалап, электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау шараларын қабылдайды, - деді министр.

- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі шаруашылық секторын көмірмен қамтамасыз ету бойынша апта сайын мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты. Ағымдағы жылы көмір өндіруші кәсіпорындар 68 миллион тоннаға жуық көмір өндірді. Ірі көмір компаниялары жағдайында, ндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, «Богатырь Көмір», «Шұбаркөл Көмір» және «Қаражыр» кен орындарында өндіріс көлемінің артуы байқалады.

- Жалпы, барлық өңірлерде жеткілікті көлемде көмір қоры жинақталған, толқу да, тапшылық та болмайды. Теміржол көлігі паркі көмірді толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етеді, - деді Атамқұлов.

Облыс әкімдерінің айтуынша, өңірлерде көмірдің құны тоннасына 5-19 мың теңге аралығында. Баға, ең алдымен, көмірдің сортына, өндіріс шығындарына және жеткізу қашықтығына байланысты.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33