Ақмола облысындағы пәтерде газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
16 қараша күні Ақмола облысы Шортанды ауылының Линейная көшесінде газ баллоны жарылып, үш адам қаза тапты. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ақпаратпен бөлісті.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Полиция қызметкерлерінің кезекші бөлімінен Шортанды кентінің N:18 кезекші қызметіне сағат 21:38-де хабарлама түскені белгілі болды. Өртті сөндіруге барлығы 35 қызметкер мен 7 техника және «Жер Ана» ЖШҚ ЖШС-нің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.
Оқиға орнына жеткенде пәтерден өрт шыққаны, шатырдың жалынға оранғаны анықталды. Өрт аумағы 350 шаршы метрді құраған. Өрт 22:35-те оқшауланып, 23:55-те сөндірілді. Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. 10 адам түрлі жарақаттармен облыстық орталық ауруханаға жатқызылды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.