Нұр-Сұлтанда мемлекетке 900 миллион теңге шығын келтірген әйелге сот шешімі шықты
Нұр-Сұлтанда әйел жалған есепшот жазып, мемлекетке 900 миллион теңге шығын келтірген.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
«ИД Строй 2030» ЖШС директорына қатысты жалған есеп құжаттарын беру фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды.
- Тергеу барысында Д.Құрманғожинованың 2017-2018 жылдар аралығында серіктестік атынан түрлі компаниялармен жалған мәмілелер жасағаны анықталды. Салдарынан мемлекетке төленбеген салық түрінде 900 миллион теңгеден астам шығын келтірілген, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Айта кетейік, мемлекетке шығын келтірген әйел 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
События дня
Казахстан терпит поражение по делу Стати в шведском суде по вопросу судебного иммунитета Нацфонда РК