понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Тоқаев банктердің экономиканы несиелендіруде айтарлықтай әлеуеті бар екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың оңтүстік астанаға жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында өткен шараға Президент Әкімшілігі мен басқа да бірқатар орталық органдардың басшылары, жетекші қаржы және банк құрылымдарының өкілдері қатысты.

Кездесуді аша отырып, Тоқаев мұндай құрамдағы бірінші кездесу екенін атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің қаржы саласында бірқатар өзекті мәселелер қордаланып қалған, олар бойынша тиісті шаралар қабылдау маңызды.

- Белгілі бір қиындықтарға тап болған қаржы нарығы үшін өткен бір жарым жыл оңай болған жоқ. Осындай жағдайларда экономикадағы да, қаржы жүйесіндегі де біздің басты міндетіміз дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы тұрақтылықты қамтамасыз ету болды және солай болады. Негізінде біз өсу траекториясына шыға алдық, – деді мемлекет басшысы.

Бұдан кейін жиынға қатысушылардың қаржы секторын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын тыңдаған Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Тоқаев бірінші назар аударған нәрсе – қаржы секторының тұрақтылығы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде қаржы секторы дәрменсіз банктерден тазартылды, сауықтыру аясында 6,6 триллион теңгеге жуық үмітсіз несиелер есептен шығарылды. Баяндамада айтылғандай, 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің деңгейі банктердің несие портфелінің 4,3 пайызын құрайды – бұл соңғы 13 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Осыны негізге ала отырып, мемлекет басшысы жүйелі тәуекелдердің жинақталуына жол бермеу шараларын күшейтіп, қажетті сабақ алуға шақырды.
Мемлекет басшысы бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында банктердің экономиканы несиелендіруде айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Банк жүйесіндегі өтімділігі жоғары активтердің көлемі 12,2 трлн.

- Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, несие ұйымдарының басшыларына ішкі тәртіпті күшейту мәселесін пысықтауды, жеке қызметкерлерінің, коллекторлардың борышкерге қиянат жасамауын қарастыруды сұраймын, – деді ол.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33