понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» деген жеке бап енгізілді

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте Қазақстанда мал ұрлығымен күресу шаралары туралы айтты.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

- Қылмыстық кодекске мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын «Мал ұрлығы» деген жеке бап енгізілді. Үй-жайға кіріп мал ұрлап кеткендер үшін жаза күшейтілді. Бұл жәбірленушілермен татуласу арқылы ұрылардың жауапкершіліктен жалтаруын болдырмауға және ұрлықтың алдын алуды күшейтуге мүмкіндік берді, - деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте.

Ол мал ұрлығының топтық түрімен күресу мақсатында өңірлерде жедел іздестіру топтары жұмыс істеп, мал базарлары мен мал сою орындарында рейд жүргізіп жатқанын айтты.

- Жыл басынан бері полицейлер 800-ден астам мал ұрлығын тіркеп, 112 қылмыстық топты ұстады. Ұрланған 7 мың бас малдың 4 мыңға жуығы табылып, қайтарылды. Осылайша, Павлодар облысында 15 адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленді (18 мал ұрлығы жасалғаны дәлелденді). Олар аптасына бір рет шаруа қожалығының бір-екі бас ірі қарасын ұрлап, кейін демалыс күндері Екібастұз қаласының базарларына өткізіп отырған, - деді Нұрділдә Ораз.

Жалпы, ведомствоның мәліметінше, соңғы бес жылда атқарылған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығы 38,5 пайызға азайған.

Мәселен, 2016 жылы мұндай қылмыстардың 7 мыңнан астамы тіркелген болса, 2020 жылы – 2 мыңнан аспайды. Осыған ұқсас үрдіс ағымдағы жылы да жалғасуда – мал ұрлығының саны 18 пайызға дерлік азайды: 2248-ден 1849-ға дейін.

Малды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін Ішкі істер министрлігі мал иелеріне қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады:

малды қараусыз қалдырмау;

GPS орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолдану;

малды табуға, сондай-ақ малшылар арасындағы келіспеушіліктерді шешуге көмектесетін ен, таңба салу.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33