воскресенье, 29 сентября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақстанда автогазға ауыстырылған көліктер саны артты

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасында 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. Бұл өнімнің ішкі нарықтағы негізгі тұтынуының 60%-дан астамы автокөліктердің үлесіне тиеді. Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ақпаратпен бөлісті.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Мағзұм Мырзағалиев биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында сұйытылған мұнай газын өндіру 2,6 млн тоннаны немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ды құрағанын айтты. Жыл соңына дейін сұйытылған мұнай газын өндіру 3,2 млн тоннаны құрайды деп күтілуде.

- Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының негізгі тұтынуының 60%-дан астамы автокөліктердің үлесіне тиеді. 2019 жылдан бері сұйытылған газға көшкен көліктер саны 2021 жылға қарай 2,2 есе өсіп, 310 мыңнан астам бірлікке жетті, - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Энергетика министрлігінің басшысы сұйытылған газ өндірісін арттыру үшін үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаттылығы 900 млн текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауытын салу жоспарда бар. Министрдің айтуынша, зауыт шамамен 760 миллион текше метр тауарлық газ өндіретін болады.

Сондай-ақ биылғы жылы Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Жоспарланған аяқталу мерзімі – 2023 жыл.

- Зауыт 800 миллион текше метр тауарлық газ, 119 мың тонна сұйытылған газ, 35 мың тонна конденсат, 212 мың тонна күкірт өндіріледі, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Бұл жобаларды жүзеге асыру, министрдің айтуынша, сұйытылған газ өндіру көлемін 2025 жылға қарай 300 мың тоннаға, 3,5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33