Ердоған Түркияның халықаралық атауын өзгертті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің халықаралық брендін Turkey-ден Türkiye-ге өзгерткен Жарлыққа қол қойды.
Жарлық мәтінінде елдің брендін өзгерту туралы шешім мәдениет пен мұраны көрсететіні және түрік өндірушісінің сапалы өнімді сенімді жеткізуші ретіндегі адалдығын растауға арналған.
Сондай-ақ, елдің барлық ресми құжаттарында, соның ішінде шет мемлекеттермен және ұйымдармен кез-келген хат-хабарларда Turkey, Turkei, Turquie сөздерінің орнына бірыңғай Türkiye термині қолданылады.