Қазақстанда жаңа ұлттық саябақ құрылды
Қазақстанда «Ұлытау» деп аталатын Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк құрылды. Бұл туралы ҚР Экология министрі C.Брекешев өзінің твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады.
7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды. «Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр.
Парк Қарағанды өңірінде орналасады, аумағы – 58,9 мың гектар.
Парктің негізгі мақсаты –
ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау.