Қараша айындағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
2021 жылғы қаңтар-қараша аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге шамамен 750,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдерін төлеуге – 1 трлн 696,4 млрд теңге бағытталды, - деп хабарлады ЕХӘҚМ.
2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге - 153,2 млрд теңге жұмсалған
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 99 726 теңгені құрады.