Тоқаев Алексей Цойды қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойды денсаулық сақтау министрі қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып 2020 жылдың 25 маусымында тағайындалды. Ол кезде коронавирустан емделіп жатқан Елжан Біртанов министр қызметінен босатылды.
2020 жылдың 22 маусымынан бастап Алексей Цой Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары және министрдің міндетін атқарушы қызметін атқарды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Цой Президенттің мүлкін басқару департаментінің Медициналық орталығын басқарады.