Алматы қаласына екі амур жолбарысы әкелінді
Алматыдағы зообаққа екі Амур жолбарысы қосылды. Жануарлар 27 қараша күні Астана циркінен жеткізілген. Жыртқыштар қазіргі уақытта карантинде. Оларға барлық қажетті вакциналар, витаминдер және паразиттерге қарсы препараттар берілді.
– Қазіргі уақытта жолбарыстардың жағдайы қанағаттанарлық, олар әлі жас және бір-бірімен ойнайды. Әр жолбарысқа күніне 6 кг ет (сиыр, тауық, қоян еті) беріледі, - делінген хайуанаттар бағының хабарламасында.
Жолбарыстар екі жаста. Біреуі Лед, екіншісі Бентли деп аталады.