Украинаның жері біздің террияториямыз – Қадыров
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге қарсы саясат ұстануына қатысты пікір білдірді.
– Украиндар – біздің халық, біздің территориямыз. Бұл менің пікірім, – деді Қадыров.
Рамзан Қадыров Украина мәселесін ертерек шешуге болатынын жеткізді, бірақ оған нұсқау керек болғаны айтылды.
– Шешенстан Республикасын Украинаға қосар едім, не Украинаны қосып алып мәселені шешер едім. Бірақ мұндай шешімдерді қабылдауға мүмкіндік бермейтін үкіметтік келісімдер бар, – деді ол.
Шешенстан басшысы Путиннің мұндай жоспарлардың жүзеге асуына жол бермейтініне сенім білдірді. Қадыров өзі үшін мемлекет пен халықтың тұтастығы, қауіпсіздігі бәрінен маңызды екенін айтты.
Фото: http://from-ua.com