Нұрсұлтан Назарбаев не үшін Ресейге ат басын бұрды?
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласына келді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде жазды.
Елбасы не үшін Ресейге ат басын бұрды?
Басты себеп – бүгін 28 желтоқсанда ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтеді. Шара барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың нәтижелері, көпжақты өзара іс-қимылды дамыту және ұйым қызметінің тиімділігін арттыру перспективалары талқыланады деп күтілуде.
Сондай-ақ, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарау жоспарлануда.
Фото: Айдос Үкібай