понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

"Алтын Орда" маңында арнайы жасақ наразыларға шулы граната қолданып, резеңке оқ атты - БАҚ

5 қаңтарда Алматының батыс бөлігіндегі "Алтын Орда" базары маңында арнайы жасақ наразыларға шулы граната қолданып, резеңке оқ атты, деп хабарлайды Азаттық.

Оқиға орнында болған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, таңертеңгі сағат 8-дер шамасында "Алтын Орда" базары маңында қоғамдық көліктер тоқтап, жолдар жабылған. Ол жаққа 200 шақты адам жиналып, "қымбатшылыққа қарсы" наразылық білдірді. Бұдан соң олар Қалқаманға қарай жылжыған.

"80 мың айлық аламыз. Ештеңеге жетпейді. Азық-түліктің бәрі қымбат" деді наразылардың бірі. Олар "Қазақстан" деп ұрандатып, шерулетіп қалаға қарай жүрді.

Алайда жолда оларды арнайы жасақ күтіп алып, шеруді тоқтату үшін шулы граната қолданды. Кейбіріне резеңке оқ атты. Адамдар жан-жаққа қашты. Кейбірі көше бойындағы тұрғын үйлерді сағалады.

Шулы граната Райымбек көшесі бойындағы кейбір тұрғын үйлер маңында жарылып, кейбірінің терезесі шағылды. Жол бойындағы шағын полиция кеңселері де бүлінді.

Демонстранттар Райымбек – Момышұлына қарай жылжып барады.

2 қаңтарда Жаңаөзенде газ бағасына байланысты басталған наразылық бірнеше күн ішінде Қазақстанның барлық-дерлік өңіріне жайылды. 4 қаңтарда Ақтау, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қарағанды, Талдықорған, Тараз және өзге өңірлерде "Жаңаөзенді қолдаған" акциялар өтті. Алматы мен астанада, оралда полиция мен наразылар қақтығысты. Алматы мен Маңғыстау облысында 19 қаңтарға төтенше жағдай жарияланды.

5 қаңтарда таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отставкасын қабылдаған. Елде интернет жылдамдығы нашарлап, WhatsApp, Telegram сияқты әлеуметтік желілер істемей қалды.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33