Тоқаев ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясына қатысады
Бүгін теледидардан Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы көрсетіледі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
– Бүгін сағат 13:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды, – деп жазды Берік Уәли.
Сондай-ақ, сессияның отырысы «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.