понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Тоқаев ҰҚШҰ әскерлері елде қанша уақытқа қалатынын айтты

Мемлекет басшысы мен Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельдің екіжақты келіссөздері бейнеконференцбайланыс арқылы өтті. Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстанның қазіргі ішкі саяси ахуалын және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады.

Шарль Мишельдің өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев елде болып жатқан оқиғалардың себептері мен мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпарат берді. Президент конституциялық құрылысқа нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған лаңкестер мен қарақшылардың айуандық зорлық-зомбылық әрекеттеріне тоқталды.

Президент орын алған қайғылы оқиғаларды бұрын-соңды болмаған басқыншылық және мемлекеттігімізге қол сұғушылық деп атады. Ол лаңкестердің зорлық-зомбылық әрекеттерінен құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың көптеген құрбандары болғанын, 1300-ге жуық кәсіпорынға зақым келгенін, 100-ден астам сауда орталығы мен банктерге шабуыл жасалғанын, 500-ге жуық полиция көлігі өртенгенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекетке келтірілген экономикалық шығын алдын ала 2-3 миллиард долларды құрауы мүмкін.

- Бұл теракт екеніне күмәнім жоқ. Негізінен Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Ауғанстаннан келген шетелдік жауынгерлердің қатысуымен Қазақстанға қарсы жақсы ұйымдастырылған және жақсы дайындалған басқыншылық актісі. Таяу Шығыстан келген жауынгерлер де болды. Сондықтан Қазақстанда антитеррорлық операция басталды, - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің аумағына ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің орналастырылуын нақты түсіндірді.

- Мен олардың әскери операцияларға қатыспайтынын атап өткім келеді. Олардың негізгі міндеті – Алматы мен Қазақстан астанасындағы стратегиялық нысандарды қорғауды қамтамасыз ету. Бұл қазақстандық күш құрылымдарына лаңкестерге қарсы іс-қимылдарды жүргізуге мүмкіндік берді. ҰҚШҰ бітімгершілік күштері ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік шартының 2 және 4-баптарына сәйкес орналастырылды. Жағдай толық тұрақтанғанша олар Қазақстанда қалады, - деді мемлекет басшысы.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33