Тоқаев бұрынғы энергетика министрін кеңесшісі етіп тағайындады
Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Тағайындау туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
– Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген жарлықта.
Сондай-ақ, бүгін президент жарлығымен Сенат депутаты Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды, – делінген хабарламада.