вторник, 24 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

ҰҚК Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің демалыста екенін хабарлады

14 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің демалыста екенін, қызметінен кетпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық.

6 қаңтарда кей телеграм-арналар ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің ұсталғанын хабарлап, артынша ақпаратты жоққа шығарған.

"Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жыл сайынғы демалысында" делінген ҰҚК хабарламасында.

Елдегі қайғылы оқиғалардан кейін ҰҚҚ басшылығы өзгергенде Самат Әбіш туралы ештеңе айтылмаған, тек комитет төрағасының орынбасары қызметіне жаңа орынбасардың тағайындалғаны айтылған. ҰҚК-ның ресми сайтында Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары деп көрсетілген.

Елде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі күшейіп, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі "әлсіреді" деген болжам кеңінен тарай бастаған шақта Назарбаев пен жақындарының көрінбей кеткені жайлы ақпараттар жиілеген. Кейінгі кезде жоғарғы билікте отырған Назарбаевтың туыстарының көбі "демалыста" немесе "денсаулығына байланысты жұмысына келмегені" жайлы ақпараттар жиі шығып жатыр.

Экс-президенттің үлкен қызы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева парламенттің бірнеше отырысына қатыспаған. Көмекшілері оның коронавируспен ауырып жатқанын хабарлады

Осыған дейін журналист Аркадий Дубнов Facebook-тегі парақшасында Назарбаевтың тағы бір немере інісі Қайрат Сатыбалдының Дубайда ұсталғанын, ал экс-президенттің өзі Қытайда екенін жазған. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жұрт алдына 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бері шықпаған. Әдетте елдегі маңызды мәселелерге пікірін айтып отыратын Назарбаев қаңтардағы оқиғаға байланысты пікірін білдірген жоқ. Осыған дейін бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстаннан кетпегенін, астанада екенін айтқан. Оның айтуынша, Назарбаев "бірқатар консультативтік кездесулер өткізіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста отыр".

 

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33