вторник, 24 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Лаңкестер, саяси элита, реформа. Назарбаев халыққа үндеуінде не айтты?

Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасады. Айтуынша, осындай қиын сәттерде Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілмей қалған.

- Құрметті отандастар! Ардақты ағайын! 2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталды. Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады. Соның салдарынан бейбіт тұрғындарымыз зардап шекті. Қасіретті оқиға кезінде қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ. Мемлекет басшысын қолдау - баршамыздың азаматтық борышымыз, - деді Елбасы.

Елбасы отыз жылда атқарылған істерге тоқталып, елде болған елеулі жағдайлар мен реформалар туралы айтты.

- Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес. Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды. Ұлан-ғайыр шекарамыз түбегейлі бекітілді. Елімізде іргелі реформалар жүзеге асып, Орталық Азияда көш бастадық. Еуразия жүрегінде, Сарыарқа төсінде жаңа астанамыз бой көтерді. Бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмас, - деді Назарбаев.

Назарбаев осы уақыт аралығында өзіне көптеген хат жолданғанын айтып, президент өкілеттігін тапсырған сәттен бастап зейнеткер атанғанын жеткізді.

- Маған жолданған көптеген хатқа және БАҚ-тағы жарияланымдарға жауап берсем, мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым, содан бері зейнеткермін, бүгінде Қазақстан астанасында демалыста жүрмін және ешқайда кетпедім. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл жайлы қауесеттер мүлдем негізсіз, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33