вторник, 24 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Елбасы әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешті – Мұхамеджан Тазабек

Қоғам қайраткері, айтыскер ақын, дінтанушы Мұхамеджан Тазабек өзі басқаратын Talim.tv арнасына сұхбат берді. Сондай-ақ, елдегі соңғы жағдайларға байланысты өз ойын айтты.

Оның айтуынша, кез келген қызметтің ақыры болады. Мқхамеджан Тазабек Елбасы мен оның әулетіне қатысты пікірін білдірді.

- Мен не үшін уайымдауым керек. Тимур Құлыбаевпен бірге мұнай сатып па едім, Қайрат Шәріпбаевпен бірге газ сатып жүр ме едім?! Елбасы әулетіндегі кейбір адамдармен сыйластық, сұхбаттас болдық. Қызмет деген ешкімнің атасынан қалған мұрасы емес. Белгілі бір әулеттегі белгілі бір адамдардың қызметі түгіл, атақты династиялардың да ақыры болған. Лауазымдағы адамдар ауыса береді, халықтың ырысы қалсын. Елбасы мені айтыскер ақын ретінде жақсы көрді, рухани ағартушылық жұмыстарыма ақылын айтты, - деді Тазабек.

Желіде Қайрат Сатыбалды мен Мұхамеджан Тазабектің қарым-қатынасы туралы көп айтылып жүр. Осыған ұқсас пікірлерге байланысты Тазабек жауап берді.

- Біріншіден біз бірнәрсені білуіміз керек, әр пенденің бір Құдайдан басқа крышасы жоқ. Қазақтың бір қамкөңіл, иманды жігіті болса, Қайрат ағадай-ақ болсын. Халықтың игілігі, ұлттық өнердің игілігі үшін көп өтініштермен алдына бардым. Қайрат ағамызға қазақтың ақындары риза болды. мен ұмытпасам Қайрат ағаның себепкер болуымен 20 шақты ақын темір тұлпарға ие болды. Намаз оқиды екен деп, террористпен байланыстыруға болмайды. Патшаның інісі болу деген сынақты көбіміз көрген жоқпыз. Патшаның інісі болмақ түгіл, Жұмабектің бажасының өзінің не істегенін көріп отырмыз ғой, - деді ол.

Журналист «Құдайды ауызға ала отырып, оқ жаудыру қандай мұсылманшылық» деп сұрады.

- Жақында Тәжікстан президенті терроризмде дін мен ұлт жоқ деген пікір айтты. Халықты қырып-жоятын, оқ атып біреуге қауіп төндіретін адамдардың дінге қатысы жоқ. Дін мен терроризмнің арасында ешқандай байланыс жоқ. Кісінің өміріне қиянат жасаған адамның исламға еш қатысы жоқ, - деп жауап берді Тазабек.

 

Фото: ашық дереккөз

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33