ЕЭК Кеңесінде Қазақстанның атынан Сұлтанов өкілдік етеді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде Қазақстанның атынан премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өкілдік етеді.
Бақыт Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ ұлттық техникалық университеті (1994);
"Инженер-электрик" мамандығы;
"Робототехникалық кешендер мен жүйелер" мамандығы;
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1995);
"Бизнес және менеджмент" мамандығы.
Айта кетейік, Бақыт Сұлтанов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Фото: GOV.KZ