Атырауда жоғалып кеткен 9 жастағы баланың денесі табылды
Атырауда құтқарушылар жоғалған баланың денесін тапты. 2013 жылы туған Йепили Сайли Ананд Рао 22 қаңтар күні кешке із-түссіз жоғалып кеткен.
Мой город порталының мәліметінше, ол інісін ертіп далаға ойнауға шығып кеткен. Кейін інісі үйге қайтып келгенімен, үлкені келмеген.
Сол күні кешке полицейлер іздеу жұмыстарына кірісіп, сағат 05:30-да құтқарушылар Перетаска арнасын да тексерген.
23 қаңтар күні кешке сәбидің денесін құтқарушылар өзеннен тапқаны белгілі болды.
- Баланың денесі Перетаска каналының ортасынан табылды. Таңертең сүңгуірлер каналды бірнеше рет тексерді, - деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.