Тұрғымбаев Қостанай облысы полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды
Қостанай облысы ІІД бастығы болып полиция полковнигі Ерлан Омарбеков тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментін басқарған.
- Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қостанай облысының полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ерлан Омарбеков тағайындалды. Ішкі істер министрлігінің басшысы полиция басқармасының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды, – деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ерлан Омарбеков 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол органдардағы қызметін полиция батальонында полицей болып бастады.
Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында әртүрлі басшы жедел қызметтерде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар – криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.