понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Белгілі заңгер Батырбаевты үтік басып қинағандары рас екенін айтты

Белгілі заңгер Абзал Құспан Талдықорған қаласында қамауда отырған Батырбаев туралы айтып, оны қинап, үтік басқан факт рас екенін айтты. Сондай-ақ, Аманат комиссиясының мүшелері Талдықорған қаласының тергеу изоляторында болып, Азаматпен жүздескендерін жеткізді.

– Азамат Батырбаевқа қатысты. Қазір қалың ел Талдықорған қаласында қамауда отырған Азамат Батырбаевтың тағдырына алаңдаулы екені белгілі. Күні кеше, 02 ақпан күні, біздер, Аманат комиссиясының мүшелері, Талдықорған қаласының тергеу изоляторында болып, Азаматпен жүздесіп, тілдесіп, оған қатысты іс құжаттарымен танысып шықтық. Азаматқа елдің алаңдап, тілегін тілеп отырғанын жеткіздік. Бірден басын ашып айтарымыз, Азаматты сабағандары да, қорлағандары да, азаптағандары да, үтік басып қинағандары да рас! Өз көзімізбен көрдік, өз аузынан естідік, – деп жазды Абзал Құспан.

Заңгер бұл әрекетті халыққа жасалған қастандық деп атап, қалың елге қол көтергенмен бірдей екенін айтты.

– Енді бұл не өзі? Бұл өкінішке орай, құқыққорғау қызметкерлерінің әдетіне айналған, айыптан тайып қолдарына түскен, тырнақтарына іліккен адамдарды ұрып-соғу ма? Азаматтан қандай да бір өш немесе кек алу ма? Жоқ, біздің ойымызша, бұл нағыз халыққа жасалған қастандық. Бұл әрекеттерді ол адам бейнесіндегі айуандар, Азаматқа тән жарасын жасау үшін жасаған жоқ, бұны олар Халыққа жан жарасын салу үшін жасаған!

Бұл Азаматты сабау емес, бұл бүкіл қалың елді сабау! Бұны жасағандар кімдер, қандай пиғылмен жасады, кімнің бұйрығымен жасалды, оны тергеушілер анықтай жатар. Бірақ, біздің пайымдауымызша, бұл осынау еліміздегі орын алған сын сағатты пайдаланып жасалып отырған нағыз диверсия, нағыз арандатушылық.

Мақсат не? Біздіңше, мақсат елді ашындыру, халықтың наразылық температурасын көтеру. Әрине, бұл жазып отырғанымыз болжам ғана. Бірақ, біздің осы болжамымыздың шындыққа жанасатынын дәлелдейтін бірнеше көзге ұрып тұрған мәселе бар. Неге Азамат, неге басқа ұсталғандар емес деген сұрақ туады. Оның жауабы ел арасында да, әлеуметтік желіде де тап осы Азаматты Назарбаевтың ескерткішін құлатқан деген әңгіме көп тарап жатыр, яғни Азамат ескерткішті ғана емес, режимді құлатқан символ іспеттес боп тұр. Басқа адам азапталса көп оқиға арасында көзге түспей қалуы мүмкін, ал мына ән, басқа әннен өзгерек, – деп жазды заңгер.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33