Қазақстан биылдан бастап Калашников автоматтарын шығарады
Көкшетауда 2022 жылы Калашников автоматтары өндірісі басталады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.
- Биыл Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматтарын шығаруды бастау жоспарланған, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұғай дейін де Қазақстанда Калашников автоматтары жасалатыны айтылған. Тыныс АҚ зауытының базасында АК-12 және АК-15 автоматтары шығарылатыны белгілі болды.