Бас прокурор жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметін атқарып келген Ғизат Нұрдәулетов жаңа қызметке тағайындалды.
Ол мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымынан босатылды.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымынан босатылды, – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.