Мәжіліс Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Мәжіліс депутат Дариға Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты.
- Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясына және Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға сәйкес өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.
Бұған дейін Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін айтқан еді.
- 99-ы қолдап, біреуі қарсы болды. Қаулы қабылданды, - деді Қошанов.