Зеленский Тоқаевпен не туралы сөйлескенін айтты
Украина президенті Қазақстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.
Владимир Зеленский Twitter-де Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгіме туралы жазды.
- Тоқаевпен әңгіме аяқталды. Өңірдегі қауіпсіздіктің күрделі жағдайы талқыланды. Біз гуманитарлық мәселелерде ынтымақтастық туралы келістік. Біз байланыста боламыз, - деп жазды Зеленский.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы әңгіме Украина тарапының бастамасымен болғанын айтты.
Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы ұрыс қимылдарын тоқтату және келіссөздерде уағдаластыққа қол жеткізудің маңыздылығы туралы мәлімдеді.