Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте ауыс-түйіс болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
- Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, Тоқаевтың өкімімен Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
- Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген ресми хабарламада.