Сауд Арабиясы мен БАӘ басшылары Байденмен сөйлесуден бас тартты
Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) басшылары АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесуден бас тартты.
Сауд Арабиясының тақ мұрагері 36 жастағы Мұхаммед бен Салман мен БАӘ шейхы 60 жастағы Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Ақ үйдің ұсыныстарын қабылдамады.
– Телефон арқылы сөйлеседі деп күткен едік, бірақ ол болмады. Әңгіме Сауд Арабиясының мұнайы туралы болды. Сауд Арабиясының тақ мұрагері де, БАӘ шейхі де Байденмен сөйлесуден бас тартты, – делінген хабарламада.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі Байден мен шейх Мұхаммед арасындағы сөйлесудің қайта жоспарланғанын айтты. АҚШ Украинаға халықаралық қолдау іздеуде, өйткені кейбір елдер Ресейдің басқыншылығына қатысты бейтараптық танытып отыр.