понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Украина мен Ресей министрлерінің келіссөздері аяқталды

Анталияда Украина мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері аяқталды.

Түркияның делдалдығымен өткен екі министрдің әңгімесі шамамен 90 минутқа созылды, кейін Дмитрий Кулеба мен Сергей Лавров бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференцияларын өткізді.

Unian.net мәліметінше Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба тараптар атысты тоқтату туралы келісе алмағанын айтқан.

- Украина Мариупольден гуманитарлық дәлізді, сондай-ақ азаматтардың гуманитарлық мәселелерін шешу үшін кем дегенде бір күнге атысты тоқтатуды ұсынды. Ресей жағы бұған келіскен жоқ. Мен келіссөздерді жалғастыруға дайынмын, - деді министр.

Кулеба егер Ресей мұны қаламаса, Украина соғысты тоқтата алмайтынын атап өтті.

- Бүгін мен Украина Путиннің шарттарын орындаса, атысты тоқтату мүмкін екенін естідім. Алайда Украина берілмейді. Біз дипломатиялық шешімдерді іздейміз, бірақ бұған қол жеткізілмейінше, біз адамдарды ресейлік агрессиядан қорғаймыз. Бүгін өткен кездесудің жалғасы болады деп үміттенемін. Егер Ресей тарапы байыпты әңгімеге дайын болса, мен де дайынмын, - деді ол.

Ресей Украинаға Беларусь жеріндегі келіссөздердің соңғы раундында есеп айырысу бойынша нақты ұсыныстар айтты.

- Ресей тарапы заңды құжат жобасы түрінде өте нақты ұсыныс жасалы. Ал Украина тарапы бұл ұсыныстарды Киевте пысықтап, жақын арада оларға нақты жауап беретініне сендірді. Кулеба мырзаның атысты тоқтату туралы келісе алмағанын айтқанына таң қалмаймын. Мұнда ешкім атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізгісі келмеді, - деді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Лавров ядролық соғыстың басталуына сенбейтінін және сенгісі келмейтінін айтты.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33