Иманғали Тасмағамбетовке қарсы іс қозғалды – дереккөз
Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында хабарлады.
Козачковтың мәліметіне сәйкес, Иманғали Тасмағамбетов Алматы, Астана әкімдері және Қорғаныс министрі қызметтеріндегі ісіне қатысты тексеріледі.
- Параллель әлемнің жаңалықтары, елордада Иманғали Тасмағамбетовтің Алматы, Астана әкімі және Қорғаныс министрі қызметтерінде болған уақыттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға қатыстылығы туралы бірқатар мәлімдемелерді тексеретін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып жатыр, - деп жазды Козачков.