понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақстан үкіметі мәлімдеме жасады

Қазақстан Үкіметі сыртқы теріс макроэкономикалық фонға байланысты туындайтын мәселелер туралы әлеуметтік желідегі хабарламалардың жиілеп кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Сыртқы экономикалық жағымсыз құбылыстарға жедел ден қою шеңберінде Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асырып жатыр.

- Атап айтқанда, қаржы нарығының тұрақтылығын және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірледі. Екінші деңгейдегі банктердің 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 15,3 триллион теңгені немесе активтердің 40 пайызын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар, - делінген хабарламада.

Жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет заңда белгіленген шекте кепілдік береді. Биылғы жылғы қаңтарда халықтың жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы, сондай-ақ "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры"АҚ тарапынан түрлері мен валюталары бойынша әртүрлі депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары жиынтық сомасы 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

- Жалпы, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Ол үшін күн сайын дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өткізіледі. Оның аясында экономикалық жағдайды дамытудың түрлі сценарийлері бойынша шешімдер пысықталуда. Халықты үрейленбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан заңдарына сәйкес жауапкершілік көзделгені атап өтілді.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33