вторник, 05 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Сұлтанов Қазақстан-Ресей шекарасында көліктің жиналуына байланысты түсініктеме берді

ҚР Премьер -Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуына байланысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлады ҚР Үкіметі Telegram-каналы.

- Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуына байланысты ақпаратпен бөлісе кетсем. Маштаково/Сырым шекара бекетінде Қазақстанға кіру үшін кезегін күткен көлік саны аз емес. Қазір желіде Ресей өткізбейді, Қазақстан кіргізбейді деген түрлі хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймын.

Көліктердің тұрып қалуына соңғы бірнеше аптадағы ауа райының қолайсыздығы себеп. Бұл аймақта шамамен 10 күн боран болды, көктайғаққа байланысты жолдар жабылды. Ауа райының қалыпқа келуімен жүк көліктерінің барлығы бірден Ресейдің Маштаково өткізу бекетіне келіп, көп шақырымдық кезек құрды. Оған қоса,16-17 наурызда болған қарлы боран кезінде Қазақстанның «Сырым» шекара бекетінде электр жарығы үзілген.

Қазақстан тарапынан тауардың кешігуіне осы себеп болды. Бірақ қазір жолдар ашылып, тазаланды, машиналарды өткізу қалыпты режимде жүріп жатыр. Сонымен қатар жүктерді шекарадан өткізу процесін жеңілдету мақсатында қазір біз ветеринарлық инспекторлардың шекара бекетінің аумағына кіруіне рұқсат беру мүмкіндігін пысықтап жатырмыз.

Бұл жүргізушілердің жеке ветеринарлық бақылау бекетіне айналып өту қажеттілігін жояды және трансшекаралық сауда процесін жеделдетеді. Достар, мен шекара трансшекаралық саудадағы жағдайды қадағалап отырамын және ресейлік әріптестерімізбен үнемі байланыстамын. Қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, біз оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдаймыз, - деді Бақыт Сұлтанов.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33