Түркістан облысында жоғалған қызға халықаралық іздеу жарияланды
Түркістан облысында жоғалып кеткен қызға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствода Түркістан облысы Сайран ауданының полиция бөліміне жоғалған жас әйелдің анасы жүгінгенін айтты. Ол қызы ауруханаға барып, үйіне қайтпағанын айтқан.
- Жоғалған қызды жедел іздестіру мақсатында Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бірқатар тапсырмалар беріп, аталған фактіні жеке бақылауға алды. Қазіргі уақытта полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың басшылығымен бір топ тәжірибелі полицейлер іздестіру шараларын жүргізуде. Сондай-ақ іздеуге полиция департаментінің қалалық және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері қосылған. Бүгінгі таңда жан-жақты іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Түркістан іздеу жұмыстарын күшейтті, - деп хабарлады полиция департаменті.
Сондай-ақ, полицейлер Жаңақорған, Тараз, Шымкент және Алматы аудандарына барып, іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
- Қазіргі уақытта халықаралық іздеу жарияланды. Іздеуге еріктілер де қатысады. Хабар-ошарсыз кеткен Назым Алдашты тауып, отбасына қайтару мақсатында оның тұрған жері туралы қандай да бір ақпаратты көрген немесе иеленген барлық куәгерлердің дереу полицияға хабарласуын сұраймыз, - делінген полиция хабарламасында.
Фото ашық деректерден