Нығматулин наурыз айының ортасында Қазақстаннан кетіп қалған
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин наурыз айының ортасында, Қайрат Сатыбалды ұсталғаннан кейін Қазақстаннан кетіп қалған.
ҚазТАГ хабарлағандай, Нығматулин Астанадан Атырауға жеке ұшақпен жеткен, кейін Comlux компаниясының бортына көшіп, Баку қаласына ұшқан.
Дереккөздің хабарлауынша, Нығматулиндер отбасының жеке ұшағы бар және ол Дубайға, тіпті Лондонға да ұшып кете алады. Бұған дейін Telegram арналарда Нығматулин елден кетіп қалды деген ақпарат тараған, бірақ ол расталмады.
Фото ашық деректерден