БҰҰ Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың санын айтты
БҰҰ Украинадағы соғыстан қаза тапқан бейбіт тұрғындардың санын хабарлады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 1 119 бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынған мәліметіне сәйкес, құрбандардың 99-ы бала екені анықталды.
1 800-ге жуық адам жарақат алған. Ұйымның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары аймақтағы адам шығыны ресми статистикадан да көп болуы мүмкін екенін жеткізді. Себебі, соғыс болып жатқан аймақтармен хабар алмасу қиынға.
Қазіргі күні, Мариуполь, Волноваха, Изюм мен тағы бірнеше өңірде ахуал қиындаған.