Оңтүстік Осетия Ресейге қосылуға ниетті
Оңтүстік Осетия Ресейге қосылуға ниетті. Осы мәселеге қатысты референдум 10 сәуірде өтетін танылмаған республиканың басшысы сайланғаннан кейін өткізіледі деп жоспарлануда.
Deutsche Welle агенттігі Оңтүстік Осетия 10 сәуірден кейін Ресейге қосылу туралы референдум өткізгісі келеді, деп хабарлады. Мұндай мәлімдемені республиканың басшысы Анатолий Бибилов жасады.
- Осетин халқының басты тарихи, стратегиялық мақсаты - бір мемлекет аясында бірігу. Бұл мемлекет - Ресей Федерациясы болмақ. Біз жақын арада тиісті құқықтық қадамдар жасаймыз, - деді Анатолий Бибилов.
Кейінірек баспасөз хатшысы Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуы туралы референдумды 10 сәуірде өткізу жоспарланғанын айтты.
Фото ашық деректерден