Петропавл қаласының атауы өзгере ме? - ресми жауап
Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков Солтүстік Қазақстан облысының орталығын Қызылжар деп қайта атауды ұсынған петицияға қатысты пікір білдірді.
Петицияда Петропавлды Қызылжар, ал Павлодарды Ертіс деп атау ұсынылған. Қазіргі уақытта бұл бастаманы 24,4 мың адам қолдады. 13,2 мың адам қарсы шықты.
- Мен қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияның жақтастары мен қарсыластарының пікірталастары жүріп жатқанын байқадым. Бұл өтінішті жеке тұлға бейресми сайтта жасаған деп айтқым келеді. Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға қандай да бір қатысы жоқ. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе жоқ екенін ресми түрде мәлімдегім келеді. Бұл мәселе туындаған жағдайда да, оны қарау біздің қаламызда тұратын халықтың пікірін ескере отырып, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады, - деп жазды Болат Жұмабеков Facebook-те.
Қала әкімі азаматтарды өзара сыйластыққа шақырды және әлеуметтік желілерде түсініктеме беру кезіндегі жауапкершілік туралы еске салды.