Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді
Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
- 2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізу жоспарланбайды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қорғаныс ведомствосы жоспарланған әскери-патриоттық іс-шаралар туралы мәлімдеді. Министрлік еліміздің барлық өңірлерінде барлығы 50-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, өткен жылы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізуден бас тартқан болатын.
Фото ашық деректерден