Қазақстандағы зейнеткерлер жарты ақшасын тамаққа жұмсайды
Қазақстанда зейнетақының жартысы тамаққа жұмсалады. Finprom.kz зейнеткерлердің шығыны бойынша 44 елдің арасында рейтинг жасады.
Тізімде Қазақстан 39 орында тұр. Зерттеуге сәйкес, зейнеткерлер зейнетақысының 47,2 % пайызын тамаққа жұмсайды екен.
Көрші ел Ресейде зейнетақының 58,9 %-ы азық-түлікке жұмсалса, Молдовада — 59,2%, Беларусияда — 76,7%, Украинада — 84,9% пайызды құрады. Рейтингте Норвегия ең үздік нәтиже көрсетті, Норвегия зейнеткерлері зейнетақысының тек 13,4 %-н тамаққа жұмсайды.
Айта кетейік, Норвегия елінің зейнеткерлері айына 2017 АҚШ доллар алады, Қазақстандағы зейнеткерлер 220 АҚШ доллар алады.
Фото ашық деректерден