Қордайда әскерге шақырылған сарбаз қайтыс болды
Жамбыл облысы Қордайда қайғылы жағдай орын алды. inaktau.kz мәліметінше, әскерге шақырылғанына бірнеше күн өткен маңғыстаулық сарбаз қайтыс болған. Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты пікір мәлімдеме жасады.
Министрлік 22 сәуірде мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Әлібек Қалбай "Гвардейский" кентіндегі әскери ауруханада көз жұмғанын хабарлады.
- Сарбаз таңертең сапқа тұру кезінде талып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бірақ ол есін жимастан қайтыс болды. Жауынгердің қайтыс болу дерегі бойынша тексеріс басталды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Әлібек Қалбайдың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада.
Марқұмның туысы Әлібектің әскерге барғысы келмегенін айтты. Сондай-ақ, оны жұмыс орнына іздеп барып, айыппұл саламыз деп қорқытқанын жеткізді.
- Қазір анасымен бірге мәйітханада отырамыз. Оны бірнеше рет ұрған, басында іздер бар. Бүгін Ақтауға ораламыз. 13 сәуірде ұстап алып, әскерге жіберді. Кеше таңертең әскери комиссариаттан хабарлама келді. Бүкіл Қазақстан білсін, әскерде балалар соққы көреді. Әлібек қызмет еткісі келмеген, бірақ оны жұмыс орнына іздеп барды. Айыппұлмен қорқытты, - деді Динара Тілесова.
Фото: Inaktau.kz