Майя Бекбаева мен Зәкіржан Күзиев қызметінен босатылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Бекбаева мен Зәкіржан Күзиевті қызметінен босату туралы өкімге қол қойды, хабарлайды exclusive.kz.
- Мемлекет басшысының Өкімімен Майя Бекбаева мен Зәкіржан Күзиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, - делінген Ақорданың ресми сайтында.
Айта кетейік, ҚХА төрағасының жаңа орынбасарлары болып Наталья Дементьева мен Тауфик Каримов тағайындалды.
Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. Орта мектепті үздік бітірген Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Халықаралық журналистика факультетіне түсіп, қызыл дипломмен тәмамдаған.
Фото: Elorda.info