Бірқатар елдер азаматтарын Приднестровьеден кетуге шақырды
Бес мемлекет өз азаматтарын Приднестровье деп аталатын аумақтан мүмкіндігінше тезірек шығып кетуге шақырды.
Болгария Сыртқы істер министрлігі Молдова аумағында болу қауіпті екенін айтты.
- Молдова Республикасындағы және оның айналасындағы күрделі жағдайды ескере отырып, отандастарымызды кез келген сапардан аулақ болуға шақырамыз. Молдова Республикасының аумағында жүрген болгар азаматтарына қазіргі уақытта қол жетімді көлік құралдарымен елден кету бойынша шаралар қабылдауды ұсынамыз, - делінген ведомство сайтындағы хабарламада.
Израильдің Молдовадағы елшісі Джоэль Лион да осындай үндеу жасады. Ол СІМ-нің аймақтағы Израиль азаматтарына көмек көрсету мүмкіндіктері шектеулі екенін атап өтті.
Бұған дейін Украинаның аумақтық қорғаныс күштері мен әскери күштері Приднестровьемен мемлекеттік шекараны қорғауды күшейткен еді.
Фото: DW